«OPTIMUM «Жобалау институты»  ЖШС  өңірдің мұнай-газдылығының перспективаларын зерттеу, жаңа перспективалы алаңдарда кен орындарын іздеу жобаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды орындайды.

Ш.Есенов атындағы КМТИУ ректоры Ахметов Б.Б    және «OPTIMUM «Жобалау институты» ЖШС бас директоры Құрманов Б.К. арасында   «Геология» кафедрасының филиалын ашу туралы келісім шарт жасалған.

Оқу барысында студенттер біздің өңірде ЖШС «OPTIMUM «Жобалау институтында»  білім алуға мүмкіндігі бар. Осы институтта білім алушы жер қойнауында пайдалы қазбалардың геологиялық құрылымын моделдеуді, модельдерді жасауды, карталарды жасауды, заманауи компьютерлік арнайы бағдарламалар көмегімен арнайы жобаларды әзірлеуді үйренеді.

Қазіргі таңда онда күндізгі бөлім студенттеріне «Іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері», «Ұңғыларды геофизикалық зерттеу және интерпретациялау», «Көмірсутек шоғырларын моделдеу» пәндері бойынша магистр, аға оқытушы Көбен Гүлнара Қайраденқызы дәріс және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *