Инжиниринг табыстарына бастаушы бол!

«Мұнайгаз инжиниринг» кафедрасы

6В07210 — «Мұнайгаз инжиниринг» білім беру бағдарламасының миссиясы мұнай-газ саласындағы жұмыспен қамтылу нәтижелері мен еңбек дағдыларын жақсарту үшін білім сапасын арттыру.

6В07210 — «Мұнайгаз инжиниринг» білім беру бағдарламасы Маңғыстау және  ҚР Каспий маңы өңірлеріндегі заманауи мұнай өндіру кәсіпорындарының қажеттіліктерін қанағаттандыратын, кәсіби қызмет саласында көшбасшы және құзыреттіліктерге ие бола алатын, мұнай-газ саласындағы инженерлік, көп тілді және көп мәдениетті тұлғаларды жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, кәсіби кадрлар даярлауды жүзеге асырады.

6В07210 — «Мұнайгаз инжиниринг» білім беру бағдарламасы патриотизмді, азаматтық жауапкершілікті, сыйластық, ынтымақтастық, ашықтық негізгі құндылықтар ретінде анықтайды.

6В07210 — «Мұнайгаз инжиниринг» білім беру бағдарламасының пайымы:  саланың маман ресурстарына қажеттілігін қанағаттандырудың тиімді жүйесі.

Бітірушіге 6В07210 Мұнайгаз инжиниринг білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

6В07211 — «Бұрғылау инжиниринг» білім беру бағдарламасының миссиясы кәсіби саланың нақты мәселелерін шешуге қажетті білім, дағдылар мен біліктілікке ие маман қалыптастыру.

«Бұрғылау инжиниринг» білім беру бағдарламасы заманауи кәсіби қызметтің теориялық және тәжірибелік міндеттерін шығармашылықпен шеше алатын түлектерді дайындауға бағытталған.

6В07211 — «Бұрғылау инжиниринг» білім беру бағдарламасы Қазақстанның мұнай-газ саласын қуатты өндірістік әлеуетпен және құрлықта және теңізде бұрғылау процесінде заманауи технологиялардың сәтті қолданылуын қамтамасыз етеді.

6В07211 — «Бұрғылау инжиниринг» білім беру бағдарламасының пайымы:  түлекке қойылатын әлеуетті жұмыс берушінің талабы бойынша кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру. Қазақстанда да, шетелде де мұнай-газ компанияларына, ғылыми-зерттеу және жобалау институттарына қызмет көрсету саласында жоғары ақы төленетін жұмыс алу мүмкіндігі. Көптеген жұмыс кеңселік және далалық жұмыстарды, заманауи компьютерлік бағдарламаларды қолдану мен далалық жобаларды бақылау сапарларын қамтиды.

Бітірушіге 6В07211 Бұрғылау инжиниринг білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

6В07212 — «Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау» білім беру бағдарламасының миссиясы мұнай мен газды тасымалдау және сақтау саласындағы қызметкерлердің жұмыспен қамтылу және еңбек дағдылары саласындағы нәтижелерін жақсарту.

6В07212-Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау білім беру бағдарламасы магистральдық мұнай-газ құбырлары жүйесі бойынша мұнай мен газды тасымалдау және сақтау бағытында білім алуға сапалы, тиімді, бәсекеге қабілетті қызмет көрсетеді.

6В07212-Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау бағыты бойынша білім беру бағдарламасы дуалды оқытуды, қолжетімді ақылы оқуды, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлықты, Маңғыстау облысының жетекші мұнай компанияларында тәжірибелердің барлық түрлерінен өтуді ұсынады.

6В07212 — «Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау» білім беру бағдарламасының пайымы қолданыстағы біліктілік жүйесін одан әрі дамытуды қамтамасыз ету, қызметкерді тиімді пайдалану және оны оқыту. Бағдарлама түлектері мұнай – газ өнеркәсібінің әртүрлі салаларында — мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдаумен, еліміздің әртүрлі аймақтарында құбыр жүйесінің құрылысымен және пайдалануы  және т.б. айналысатын кәсіпорындарда жұмыс істейді.

Бітірушіге 6В07212 Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

«Мұнай-газ ісі» жалпы білім беру бағдарламасының миссиясы  – практикалық дағдылармен нығайтылған, инновациялық технологиялар мен жаңа өнімдерді қолдануға, шетелдік оң тәжірибені мұнай-газ өндірісінің қазақстандық жағдайларына жалпылауға және бейімдеуге, қалыптасқан жағдайда тез бағдарлануға және тиісті креативті шешімдер қабылдауға қабілетті жеткілікті теориялық білімі бар жоғары білікті кадрларды даярлау, сондай-ақ магистрге қоғамдық қажеттіліктер мен күтулерге барынша сәйкес келетін және қажет болған жағдайда түбегейлі қайта құрылатын басқа да кәсіби құзыреттер болып табылады.

7М07210 – «Мұнай-газ ісі» білім беру бағдарламасы, түлектердің жалпы мәдени құзыретін қалыптастыру, сонымен қатар мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының, ҚР Каспий маңы өңірлерінің оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының қажеттіліктеріне сәйкес келетін кадрлардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.

Білім беру бағдарламасының пайымы: мұнай өндіру өнеркәсібінің жоғары білікті кадрларын даярлаудың ғылыми-білім беру процесін, жоғары және арнайы оқу орындарында, ғылыми – зерттеу институттарында білім беру жүйесін ұйымдастырудың және қамтамасыз етудің тиімді жүйесі.

Ғылыми-педагогикалық бағыттағы түлекке 7M07210 – «Мұнай-газ ісі»білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі беріледі.

Бейіндік бағыттағы бітірушіге 7M07210 – «Мұнай-газ ісі»білім беру бағдарламасы бойынша техник  және технолог магистрі академиялық дәрежесі беріледі.

8D07210 — «Мұнайгаз ісі» білім беру бағдарламасының миссиясы — ғылым саласы мен еңбек нарығының заманауи талаптарына сай келетін ғылыми-педагогикалық әлеуетті арттыру.

Тек Қазақстанның еңбек нарығы үшін ғана емес, сонымен қатар барлық Каспий маңы аймақтары үшін білім беру деңгейлері бойынша жоғары білікті мамандарды сапалы дайындауды жүзеге асыру үшін ғылыми, дәрежеге ие кадрлар қажет. Бұл кадрларды осы білім беру бағдарламасы арқылы дайындауға болады.

Yessenov University 8D07210 — Мұнайгаз ісі білім беру бағдарламасының артықшылығы – Маңғыстау өңірінің Каспий теңізінің жағасында географиялық орналасуы, көмірсутекті кен орындардың және ғылыми-зерттеу институттарының көп болуы, ол арқылы докторанттар теорияны тәжірибемен тығыз байланыстырады, сонымен қатар экологиялық тәуекелділікті бағалай отырып, құрғақтағы және теңіздегі кен орындарды игерудің өзекті мәселелерін зерттей алады.

8D07210 — «Мұнайгаз ісі» білім беру бағдарламасының пайымдауы докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысының үрдісін жоспарлай, үйлестіре және жүзеге асыра алатын, ғылыми зерттеулердің теориялық және қолданбалы мәселелерін шеше білетін, тәжірибелік сұрақтарға шешім таба алатын қабілеттерін қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарламаны бітірушілердің кәсіби қызметінің нысаны болып мұнай-газ кешені кәсіпорындары; мұнай және газ өндіру басқармалары; ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары; ғылыми-өндірістік орталықтар; ұлттық мұнай компаниялары; жоғары оқу орындары табылады.

Бітірушіге 8D07210 — «Мұнайгаз ісі» бағдарламасы бойынша философия докторы (phD) академиялық дәрежесі беріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *