«Тасымалдауды ұйымдастыру» зертханасы

«Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша топтық тәжірибелік сабақтарды өткізуге, сондай-ақ оқушылардың станса бойынша кезекшінің, пойыз диспетчерінің және жүкті қабылдап-тапсырушының жұмыс дағдыларын меңгеруіне арналған.

«Көліктік техникасы мен технологиясы» зертханасы

Зертхана автомобильдің жалпы құрылысын, оның негізгі тораптарының, механизмдерінің, агрегаттары мен жүйелерінің құрылымын зерттеу бойынша теориялық, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар кешенін жүргізуге, сондай-ақ автомобильді диагностикалау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша бастапқы дағдыларды қалыптастыруға арналған.

«Электротехника, электроника және электрлік өлшемдер» зертханасы

Зертхана «Электротехниканың теориялық негіздері» және «Электроника негіздері», «Ақпараттық-өлшеу техникасы» курстарында зертханалық және практикалық сабақтарды өткізуге арналған. Зертхана электротехника негіздерін, электр тізбектеріндегі өлшеу құралдары мен өлшеу әдістерін, тұрақты және айнымалы токтың электр тізбектерін зерттеуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар электроника негіздерін оқып білуге және жартылай өткізгіш құрылғыларды қолдана отырып зертханалық жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.

«Жылу техникасы, термодинамика және ЖЭК» зертханасы

Предназначены для использования в системе высшего, среднего и начального профессионального образования при проведении практических и лабораторных занятий по дисциплинам «Техническая термодинамика», «Возобновляемые источник энергии- 1,2».

Добавить комментарий