«Бұрғылау және мұнай кәсіпшілігінің жабдықтары» зертханасы

«Бұрғылау мұнай кәсіпшілігі жабдығы» зертханасы бұзғыш құрал-саймандар жыныстарының құрылымын демонстрациялауға , тау жыныстарының механикалық қасиеттерін анықтауға, бұрғылау бағаналарын, бұрғылау бағанасы элементтерінің құрылымын зерттеуге, жуу сұйықтығының қасиеттерін анықтауға және реттеуге, сондай-ақ арнайы пәндердің дәрістік сабақтарын өткізуге арналған көрнекі материалға арналған.

«Ұңғымаларды бұрғылау технологиясы» зертханасы

Ұңғымаларды бұрғылау технологиясы  зертханасы мұнайгаз және бұрғылау инжинирингі  бағыты студенттерін оқытады, тренажер және ұңғымаларды бұрғылауды имитациялаудың эксперименттік жүйесі нақты жедел уақыт ауқымында забойды тереңдету, түсіру-көтеру операциялары, бекіту кезеңдерінде ұңғыманы бұрғылаудың технологиялық процестерін; қиындықтар мен апаттық жағдайлардың, бұрғылау жабдығының, ұңғыманың, аспаптың жай-күйін сипаттайтын, ұңғыманы бұрғылауды бақылау аспабының көрсеткіштерін; бұрғылау жабдығының, құрал-сайманның, ұңғымаларды бұрғылау және жуу процесіне арналған.

«Ұңғымалық өнімді жинау, дайындау және тасымалдау жүйесіндегі мұнай- газ жабдығын коррозияға қарсы қорғау» зертханасы

Коррозияға қарсы күрес жөніндегі іс- шараларды көрсетуге, ұңғымаларды бұрғылау, мұнай және газ ұңғымаларын игеру және пайдалануға, мұнай мен газды тасымалдау және сақтау кезінде пайдаланылатын жабдықтардың тотығу қиыншылықтарымен мен танысуға, сондай-ақ мұнай- газ жабдықтарын тотығуға қарсы қорғаныс әдістерінің негізгілерін  меңгеруге арналған.

«Қабаттардың мұнай беруін арттыру техникасы мен технологиясы» зертханасы

Өнімділікті арттыру бойынша технологиялық процестерді меңгеру үшін арналған. Қабатқа әсер ету әдістерінің түрлерінің жасалу үрдісін, қысым мен өнімділіктің, сонымен қатар қолданылатын әртүрлі жұмыстық реагенттер мен техникалардың   байланысын зерттеп, өнімділікті көбейтудің екіншілік және үшіншілік әдістерін меңгертуге бағытталған.

«Мұнай өндіру техникасы және технологиясы» зертханасы

Станок-качалканың жұмыс негізін демонстрациялауға және олардың құрылымдарын, сондай-ақ арнайы пәндердің дәрістік сабақтарын өткізуге арналған көрнекі материалдарды қолдана отырып, мұнайды механикалық өндіру әдісінде қолданылатын саға үсті және жер асты жабдықтарын, олардың жұмыс үрдісін, сораптардың ерекшеліктерін, жұмысын бақылау құралдарын меңгеруге арналған.

«Виртуалды зертхана» зертханасы

Тау жыныстары мен сұйықтықтардың физика-химиялық қасиеттерін зерттеуді меңгеруге арналған. Жылу техникасының негіздерін оқу. Сұйықтықтың шығу заңдарын оқу. Сорап пен компрессорлардың құрылымдарымен танысуға, сораптардың энергетикалық сипаттамаларын алуға арналған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *