Карлыгаш Танбаевна Бисембаева
Қызметі: «Мұнайхимиялық инжиниринг» қауымдастырылған профессор(доцент).
Ғылыми дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты.
Сабақ беретін пәні: “Кәсіби бағытталған шетел тілі”, “Мұнай және газ кенорындарын игеру”, “Қабаттың мұнайбергіштігін көбейту техникасы мен технологиясы”.
Ғылыми қызығушылы: Күрделі жағдайларда кен орындарын игеру процесінің тиімділігін арттыру.
Ғылыми-зерттеу жобаларын орындау бойынша жұмыс тәжірибесі: 1) “Кернеулік біртексіз қабатта ұңғыға сұйықтықтың сүзгіленуінің математикалық моделін құру” (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранты, 2012-2014, ғылыми қызметкер); 2) Кенорнының өндірілуі күрделі қорларынан көмірсутектердің өнімділігін арттыру (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранты, 2013-2015, ғылыми қызметкер); 3) «Шағырлы Шөмішті кен орны ұңғымаларының балшықтанған және мальтталған қимасын химиялық өңдеу» (келісімшарт бойынша, 2019-2021, жетекші); 4) «Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы теңіз операцияларының экологиялық тұрақтылығы мен тиімділігін дамыту үшін интеграцияланған энергия үнемдеу технологияларын әзірлеу» АББ бойынша жобаның ғылыми қызметкері (2024-2026).
Халықаралық білім беру жобаларына қатысу: 1) Tempus IV, IEMAST «Магистрлік білім беруді жетілдіру» (2012-2015, ғылыми қызметкер);
2) «English for Success» (“TENIZ ZCHEVROIL” ЖШС және British Council бағдарламасы бойынша, 2019-2021, қатысушы);
3) Erasmus+, GEOCLIC «Жағалаудағы экожүйелерді климаттың өзгеруіне бейімдеу үшін геокеңістіктік инженерия бойынша жаңа курстар» (2021-2024 ж., жұмыс тобының мүшесі).
Мақалалар: отандық және шетелдік басылымдард 80-нен астам жұмыстардың авторы, оның ішінде Scopus базасы рецензиялайтын халықаралық ғылыми журналдарда және уәкілетті орган ұсынған басылымдарда . 3 монографиясының, 4 оқу құралы мен ҚР БҒМ оқулығының авторы.
Халықаралық тағылымдамалар: 1) Корольдік технологиялық институт, Стокгольм, Швеция (2013.);
2) «500 ғалым» бағдарламасы бойынша (Болашақ): Гамбург қолданбалы ғылымдар университеті, Гамбург қ., Германия (2023-2024жж.).
Халықаралық ғылыми сапарлар: Тюмень мемлекеттік университеті, Ресей (2014);
Санкт — Петербург тау-кен университеті. Ресей (2015);
Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті. Ресей (2015);
«ГЕОТЕХНОКИН ҒТО» ЖШҚ филиалы. Тверь, Ресей (2019).
Марапаттар: ҚР БҒМ «Алғыс хат» (2017 ж.); ҚР ҒЖБМ «Құрмет» грамотасы (2024 ж.).