АЭС энергетикалық тұрақтылық кепілі
25.09.2024 күні «Энергетика және автоматтандыру» кафедрасының ПОҚ ұйымдастыруымен «АЭС энергетикалық тұрақтылық кепілі» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараға құрғақ аумақтарды тұрақты дамыту институтының директоры, т.ғ.к. Муральев Е.Д., атом энергетикасы саласында 31 жыл еңбек өтілі бар, ЖШС МАЭК-Казатомпром өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі жетекші инженері Середнюк К.П. қатысты. Спикерлер тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті. Кафедра тарапынан профессор Бажиков К.Т., доцент Ержанов К.Т. сөз сөйледі. АЭС-тің артықшылықтары мен кемшіліктері айтылды. Студенттер атом электр станциясы жөнінде ақпараттық видео көре алды. Іс-шара соңында студенттер сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алып, ой-пікірлерімен алмасты.
Yessenov University-де халықаралық ғылыми семинарлар өтті.
21 қазан 2024 жылы Yessenov University қабырғасында Sapienza University of Rome ғалымдарының қатысуымен екі маңызды ғылыми семинар ұйымдастырылды. Бұл шараларға университет оқытушылары, студенттер, жас зерттеушілер мен докторанттар қатысты. Алғашқы семинар – «Ғылыми мақаланы нөлден бастап қалай жазу керек» тақырыбында өтті. Спикерлер: Александро Минготти және Ливио Д’Альвиа. Бұл семинар барысында ғылыми мақаланы жазудың негізгі кезеңдері қарастырылды. Қатысушылар тақырып таңдаудан бастап, жұмысты рецензияланатын журналдарға жариялауға дейінгі процестермен танысты. Спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, академиялық жазудың қыр-сырын түсіндірді. Екінші семинар – «Шынайы тұрмыстық жаңартылатын энергия көздеріндегі аккумуляторлық энергия сақтау жүйесін модельдеудің автоматтандырылған жүйесі: Қолданбалы мысал» тақырыбында өтті.Спикер: Ливио Д’Альвиа. Бұл семинарда жаңартылатын энергия көздерін тиімді пайдалану және сақтау жүйелерін модельдеу әдістері талқыланды. Қатысушылар нақты қолданбалы мысалдар арқылы энергияны сақтау және тиімді басқару стратегияларын үйренді. Семинарлар барысында тыңдаушылар өздерінің сұрақтарын қойып, спикерлерден нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Оқытушылар мен студенттер үшін бұл іс-шара ғылыммен айналысуға деген қызығушылықты арттырып, өздерінің болашақ зерттеулерінде пайдалы білім алуға мүмкіндік берді. Yessenov University халықаралық ғылыми байланыстарды нығайту мақсатында осындай маңызды іс-шараларды жалғастыра бермек.
Yessenov University мен Маңғыстау энергетикалық колледжі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум
2025 жылғы 7 ақпанда Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті мен Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі арасында білім беру және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандумға қол қойылды.
Аталған келісім аясында:
- Оқытушылар мен қызметкерлер арасындағы тәжірибе алмасу
- Студенттердің университет базасында өндірістік тәжірибеден өтуі
- Бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу
- Конференциялар мен академиялық кездесулер ұйымдастыру
- Ғылыми мақалалар мен зерттеу нәтижелерін жариялау
- Кадр даярлау саласында өзара қолдау көрсету
сияқты маңызды бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастық орнатылады.
Бұл келісім болашақ мамандарды даярлауда практика мен теорияны ұштастырып, ғылым мен білім саласындағы серіктестікті нығайтуға мүмкіндік береді.
Екі оқу орны арасындағы осындай өзара байланыстар өңіріміздің кәсіби мамандарын сапалы даярлауға ықпал ететініне сенімдіміз!
18 сәуір күні Yessenov University «ҒЫЛЫМ – МАНҒЫСТАУ ӨҢІРІНІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ НЕГІЗІ» Ғылым айының бағдарламасының аясында «Идеядан өнімді жасауға дейін» атты University Startup Marathon-2024 жобалар байқауы өтті. 3 орынды «QazPrint» тобы, «Электр энергетика» және «Технологиялық процессті басқарудың автоматтандырылған жүйесі» білім беру бағдарламалары бойынша 2 курс оқитын студентері Сәрсенбай Данияр, Абатбаев Мұрат иеленген болатын. Жетекші: Садуакасов Данабек Салдырұлы. Сайыс өте қызыққа толы және әділ өткен болатын. Студенттердің идеяға толы білімдері көрермендер мен әділ қазыларын таң қалдырды. Топтар кезегімен сертификат алып, мараппаталды
Yessenov University ғылым күніне орай білімалушылар, магистранттар және жас ғалымдарға арналған Yessenov Youth Forum-ның “Тұрақты дамудың интеграцияланған шешімдері: сутегі энергетикасы, мұнай өңдеу және экологиялық тұрақтылық перспективалары” тақырыбында ғылыми секциясы өткен болатын.
Секцияға Инжиниринг факультетінің білімалушылары, магистранттары, докторанттары ат салысты. Секцияға қатысушылар өздерінің ғылыми жұмысының өзектілігін ашып, комиссия мүшелері мен қатысушылардың қойған сұрақтарына нақты жауап беріп, нәтижесінде тиісті орындарға ие болды. «Энергетика және автоматтандыру» кафедрасының қауымдастырылған профессорының м.а. Ожикенова Ж.Ф. ғылыми жетекшілігінде «ЖЭС күкірт оксидін азайту әдістерін талдау» тақырыбымен “Өнеркәсіптік жылу энергетикасы” БББ-ның магистранты Джарильгасова Гулзада Ыкласовна екінші дәрежелік дипломға ие болды. Сонымен қатар, “Анализ влияния концентрации водорода в топливных смесях газотурбинной установки для снижения воздействия отработанных газов на окружающую среду” тақырыбында Шерстюков С.Г. , “ Газтурбиналық қозғалтқышты улы шығарындыларынана азайту әдістерін талдау”
тақырыбында Айтбайұлы Ж. сертификаттарға ие болды. Секция қатысушыларына сертификаттар мен университет атынан естелікке сыйлықтар берілді
Аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институты (ACQUIN) – 2001 жылы құрылған және сол жылы аккредиттеу бойынша Германиялық кеңеспен, кейінірек 2006 және 2011 жылдары реаккредиттелген неміс аккредиттеу агенттігі. Қазіргі таңда Германияның, Австрияның, Швейцарияның, Венгрияның және басқа да мемлекеттердің 100-ден аса оқу орындары агенттіктің мүшлері болып келеді. ACQUIN негізгі сипаттамалары – тәуелсіздік, әділдік және жоғары сапа. ACQUIN ЖОО-ның ұйымдасулық жарнасы және аккредиттеу өткізумен өз қызметін қаржыландыратын коммерциялық емес мекеме.
Миссиясы: ЖОО-да білім беру және алу сапасы стандарттарын жоғарылату, ЖОО-ның барлық типін, бағдарламалары мен пәндерін аккредиттеу, сонымен қатар неміс жоғары білім беруін интернационалдандыру. 6-9 сәуір аралығында Yessenov University 10 білім беру бағдарламалары, соның ішінде 6В07106-Электр энергетикасы БББ Аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институтынан (ACQUIN) сәтті өтті.