Кафедра Компьютерный инжиниринг

Инжиниринг табыстарына бастаушы бол!

Computer engineering

[profilesAsRhombus category=28]

6В06102 – «Computer engineering» бойынша білім беру бағдарламасы миссиясы Маңғыстау өңірінің бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақты әлеуметтік- экономикалық өсуін қамтамасыз ететін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсына отырып, Университеттің миссиясын, саяси және стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға бағытталған.

6В06102 – «Computer engineering» бағыты  білім беру бағдарламасының мақсаты тек Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де қызметтің кез келген қолданбалы салаларында өз қызметін орындауға қабілетті, Ақпараттық жүйелер мен технологиялар саласында білікті, бәсекеге қабілетті IT- мамандарды сапалы дайындау болып табылады, бұл университет миссиясымен түсіндіріледі.

6В06102 – «Computer engineering» білім беру бағдарламасының пайымы IT технологиялар жөніндегі инженер, мәліметтер қоры жөніндегі әкімші, желілік әкімшілер, ақпаратты қорғау жөніндегі мамандар, IT бөлімінің бастығы, IT саласындағы мамандар, мобильді қосымшаларды жасақтау, телекоммуникация, бағдарламалық қамтамасыз етуді жасақтау жөніндегі мамандар.

Бітірушіге 6В06102 – «Computer engineering» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

«Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының — міндеті есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету саласында мамандарды даярлау болып табылады.
Аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, есептеу техникасы деректерді есептеу және өңдеу  үрдісінің маңызды компоненті болып табылады, сондай — ақпаратты басқару  және өңдеу үшін қолданылады.
6В06103 —  «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы аппараттық- бағдарламалық кешендерді тиімді іске асыру үшін есептеу техникасы және бағдарламалау  құралдарын қолдануға, ақпартты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерінің компоненттерін жасауға, аппараттық және бағдарламалық құралдарды жинақтауды  жүзеге асыруға, есептеу жүйелері мен аспаптық және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді  күйге келтіру мен қызмет көрсетуге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған.
  6В06103 —  «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының көрінісі қәзіргі заманғы  ІТ- технологиялары қолданудың тәжірибелік дағдыларына ие және кәсіби саланың даму үдерістеріне сәйкес өз дағдыларын жетілдіру және өзін — өзі дамытуға қабілетті болашақ мамандардың негізгі кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру.
   Бітірушіге 6В06103 —  «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық- коммуникациялық технологиялар саласындағы бакалавр академиялық дәрежесі беріледі.

6В07105- «Өндірістік жылуэнергетика» білім беру бағдарламасының миссиясы өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін энергия көздерін өндіретін, трансформациялайтын, тарататын және тұтынатын қондырғылар мен жүйелерді әзірлеуге және қолдануға бағытталған адами қызметтің құралдары, тәсілдері мен әдістері жиынтығын қамтитын техника саласына жатады

6В07105- «Өндірістік жылуэнергетика»  білім беру бағдарламасы бакалаврларының кәсіби қызмет саласы жылу өндіру бойынша техникалық құралдарды зерттеу, жобалау, құрастыру және пайдалану, оны қолдану, оның ағындарын басқару; энергияның басқа түрлерін жылуға түрлендіру болып табылады.

6В07105- «Өндірістік жылуэнергетика»  білім беру бағдарламасының пайымы Жылуэнергетика саласындағы жоғары білікті маман – бакалаврды дайындауға, үйлесімді қалыптасқан тұлға ретінде және көшбасшы болуға, командада жұмыс істеуге, бәсекелестік орта жағдайында әрекет етуге және жеңуге бағытталған. Біздің студенттер ЖШС «МАЭК-Казатомпром» мекемесінде өз тәжірибелерін арттырады.

Бітірушіге 6В07105- «Өндірістік жылуэнергетика» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

6В07106 — «Электр энергетика»  білім беру бағдарламасының миссиясы халық шаруашылығы мен халықтың жылу және электр энергиясына қажеттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жақын және алыс шет елдерге электр энергиясын экспорттау болып табылады.

6В07106 — «Электр энергетика»  білім беру бағдарламасы техника және технология саласындағы университеттің саяси және стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға бағытталған: Маңғыстау өңірінің бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуін қамтамасыз ететін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну.

6В07106 — «Электр энергетика» бағыты бойынша білім беру бағдарламасы қолжетімді оқытуды (ақылы, грант, өндіріс), студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлықты, Маңғыстау облысының жетекші энергетикалық компанияларында практиканың барлық түрлерін өткізуді ұсынады, сондай-ақ кейбір арнайы пәндер бойынша кәсіпорындарда дуалды оқыту қарастырылған.

6В07106 — «Электр энергетика» білім беру бағдарламасының пайымы қолданыстағы энергетикалық жүйені одан әрі дамытуды қамтамасыз ету, жаңа электр объектілерін құру, электр энергиясын өндіру және беру бойынша жаңа технологияларды енгізу. Бағдарлама түлектері энергетикалық өнеркәсіптің әртүрлі салаларында — электр энергиясын беру, диспетчерлік басқарумен, өндірістік объектілерді пайдалана энергияны өткізумен және тұтынумен айналысатын кәсіпорындарда жұмыс істейді; желінің барлық компоненттерінің іс-қимылдарын, басқару жүзеге асырылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді басқаратын, желіні іске қосу-баптау процесін және оның жұмысын бақылайтын жабдықты құруға қатыса алады; ЖЭК-дан энергия алуға қатыса алады, сондай-ақ, электр энергиясын өндіру немесе қолдану үшін пайдаланылатын барлық мүмкін құрылғыларды немесе жүйелерді әзірлеуге қатыса алады.

Бітірушіге 6В07106 «Электр энергетика» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

7M07105  — «Жылу энергетика» білім беру бағдарламасының миссиясы жылуэнергетика саласындағы жоғары білікті маман – үйлесімді қалыптасқан тұлға ретінде және көшбасшы болуға, командада жұмыс істеуге, бәсекелестік орта жағдайында әрекет етуге және жеңіске жету қабілетті магистрды дайындауға бағытталған.

7M07105  — «Жылу энергетика» білім беру бағдарлама түлектері даярлықтың мамандануына сәйкес халық шаруашылығы саласындағы объектілерде жобалау-конструкторлық, өндірістік-технологиялық, ұйымдастыру-басқару, ғылыми-зерттеу, монтаждау-реттеу, сервистік-пайдалану және педагогикалық қызметке дайындалады.

7M07105  — «Жылу энергетика» білім беру бағдарламасының пайымы түлектерінің кәсіби қызметінің объектілері жылу және атом электр станциялары, өнеркәсіптік және коммуналдық кәсіпорындарды энергиямен қамтамасыз ету жүйелері, бу газ және газтурбиналық қондырғылар және т. б. болып табылады.

Бітірушіге 7M07105 – «Жылу энергетика» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі дәрежесі беріледі.

7М06102 – «Ақпараттық жүйелер»  білім беру бағдарламасының миссиясы Маңғыстау өңірінің бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуін қамтамасыз ететін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсынатын саяси және стратегиялық жоспары.

7М06102 – «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы ақпараттық технологиялардың әртүрлі салаларында кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құзыреттер жиынтығын қалыптастыруға бағытталған.

7М06102 – «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының пайымы қолданыстағы  IT технологиялар жөніндегі инженер, желілік әкімшілер, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман, ғылыми қызметкер, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушысы, ақпараттық жүйелер әкімшісі, бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторы, ақпаратты қорғау жөніндегі мамандар ретінде жұмыс істей алады.

Түлектерге 7М06102 – «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технолгия магистрі академиялық дәрежесі беріледі.

7М06102 – «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының миссиясы Маңғыстау өңірінің бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуін қамтамасыз ететін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсынатын Университеттің миссиясын, саяси және стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға бағытталған.

7М06102 — «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бітірушіге ақпараттық технологиялардың әртүрлі салаларында кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құзыреттер жиынтығын қалыптастыруға бағытталған.

7М06102 – «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының пайымы қолданыстағы  IT технологиялар жөніндегі инженер, желілік әкімшілер, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман, ғылыми қызметкер, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушысы, ақпараттық жүйелер әкімшісі, бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторы, ақпаратты қорғау жөніндегі мамандар ретінде жұмыс істей алады.

Түлектерге 7М06102 – «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі беріледі.

Leave a Reply