Қазақстан ғылым саласы қызметкерлерінің күніне орай Yessenov University «Үздік ғылыми қызметкер», «Үздік жас ғалым» байқауы өтті. «Инжиниринг» факультетінің атынан «Үздік жас ғалым» байқауына «Машина жасау және көлік» кафедрасының PhD, жас ғалым А.З. Букаева қатысты. Бұл байқау ғылымның дамуына елеулі үлес қосып жүрген ғылыми қызметкерлердің еңбегін бағалауға арналған болатын. А.З. Букаева осы университетті бакалавр, магистратура бойынша үздік, докторантурасын Satbayev University сәтті аяқтап, «Күшті тау жыныстарының блоктарын беттік өңдеуге арналған термодинамикалық жұмыс органының құрылымын зерттеу» тақырыбында қорғап шықты. ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігі тарапынан алғыс хатпен, сонымен қатар, оқу, ғылым және тәрбие жұмыстарын атқарудағы жеткен жетістіктері үшін Есенов университеті тарапынан алғыс хатпен марапатталды.