Үздік ғылыми қызметкерлері мен оқытушыларын марапаттау рәсімі

Бүгін алғыс айту күнінде Түркістан қаласында 2023 жылдың қорытындысы бойынша ЖОО үздік ғылыми қызметкерлері мен оқытушыларын марапаттау рәсімі өтті. Үздіктер республикалық конкурс нәтижесінде анықталды.

Мемлекеттік ғылыми стипендияның тізіміне іліккен 50 ғалымның 5-уі Yessenov University-нен болды, ғылыми стипендияның 2-уі «Инжиниринг» факультетінің «Экология және геология» кафедрасының ПОҚ-на тағаыйндалған. Олар: т.ғ.к., профессор Серикбаева А.К. және PhD, профессор  Сырлыбекқызы С.

Үздік ЖОО оқытушы мемлекеттік сыйлығы бойынша Республика  көлемінде 150 жеңімпаз анықталған. Мемлекеттік сыйлықтың 2 жеңімпазы Yessenov University-нен тағайындалды. Олар: «Инжиниринг» факультетінің деканы Гусманова А.Г. және «Экология және геология» кафедасының қауымдастырылған профессоры, PhD Койбакова С.Е.

Мемлекеттік ғылыми стипендияның және «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік сыйлығының иегерлерін бүгінгі марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Leave a Reply