2024 жылдың 2-19 желтоқсан аралығында «Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының қауымдастырылған профессорлары (доцент) Каражанова Марал Койлыбаевна және Бисембаева Карлыгаш Танбаевна академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Германияның Клаусталь техникалық университетінде болып қайтты. Сапар барысында арнайы пәндер бойынша сабақтар өткізіп, бұл білім алмасуға және қабылдаушы тараптың оқытушылары мен студенттері арасында кәсіби байланыстарды нығайтуға ықпал етті. Сонымен бірге студенттердің халықаралық техникалық конгресіне әділқазы комиссиясында болып та үлгерді. Сапардың негізгі аспектілерінің бірі «Евротехника» компаниясында біліктілікті арттыру болды. Бағдарламаның бұл бөлімі білім беру және ғылыми қызметте қолданылатын заманауи технологиялар мен инновациялармен танысуды қамтыды. Алынған білім оқыту тәжірибесіне және ғылыми зерттеулерге жаңа тәсілдерді енгізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сапар аясында жоғары дәлдіктегі зертханалық жабдықтарды өндіруге маманданған «Крусс» фирмасына бару жүзеге асырылды. Ерекше назар университетіміз жүзеге асырып жатқан мегажоба аясында жабдықтау базасын жақсарту үшін қажетті жабдықтарды сатып алу перспективаларын талқылауға салынды.
Бұл сапар академиялық ұтқырлықты дамыту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және білім беру үдерісіне инновацияларды енгізу жолындағы маңызды қадам болды. Алынған білім мен тәжірибе кәсіби құзыреттілікті жетілдіруге және ғылыми-оқыту қызметінің одан әрі дамуына жағдай жасауға ықпал етеді.