Грузия елінде Ак. Церетели атындағы Кутаиси Мемлекеттік университеті Инженерлік-техникалық факультетінде сыртқы академиялық ұтқырлықтан өтті.

2024 жылдың 25 наурыз — 5 сәуір аралығында Есенов университетінің оқытушылары «Машина жасау және көлік» кафедрасынан Суйеуова Н.Б., Мамбеталиева Г.С., Билашова Г.С., «Құрылыс инжиниринг» кафедрасынан Суйменова М.К., Акмурзаева Б.С екі жақты келісім негізінде Грузия елінде Ак. Церетели атындағы Кутаиси Мемлекеттік университеті Инженерлік-техникалық факультетінде сыртқы академиялық ұтқырлықтан өтті.
Сыртқы академиялық ұтқырлықтың мақсаты — жақын шетелдік ЖОО -дағы оқытушылармен тәжірибе алмасу, оқу-әдістемелік және ғылыми- зерттеу жұмыстарымен танысу, білімді жетілдіру, біліктілікті арттыру. Академиялық ұтқырлық Болон процесінің негізгі бір құраушысы болып табылады. Оның маңызды шарты — ЖОО-ның арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
Алғашқы күні Ак.Церетели атындағы Кутаиси Мемлекттік университеті Инженерлік — техникалық факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор Омари Георгиевич Киквидземен кездестік, ол университет- факультеттегі оқу- білім беру- зерттеу жұмыстары туралы мәлімет берді. Одан кейін «Құрылыс және көлік» департаментінің басшысы т.ғ.к., профессор Кипиани П.Н. кафедраның ғалымдары мен оқытушылары құрамымен таныстырды. Осы мерзімде пәндік аудиторияларда сабақтарда, әртүрлі зертханаларда, ондағы AutoCAD программасымен, Геодезия, Құрылыс материалдар мен жабдықтары, Құрылыс машиналары және т.б пәндерден зертханалық жұмыстар жүргізу, нәтижелерін алу, оларды қорытындылауға қатыстық.
Болашақтағы халықаралық ғылыми — тәжірибелік конференциялар, ғылыми мақалалар жариялау туралы көп түсініктер жинақтадық. Сондай-ақ, факультеттің профессор — ғалымдары: Цинцадзе З., Носелидзе Дж., Попхадзе Э., Баланчивадзе М., т.с.с. Эразмус + бағдарламасы кабинетінің маманы Каладзе.Д. барлық сұрақтарға жауап беріп, қолдау көрсетті.

Leave a Reply