25.09.2024 күні «Энергетика және автоматтандыру» кафедрасының ПОҚ ұйымдастыруымен «АЭС энергетикалық тұрақтылық кепілі» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараға құрғақ аумақтарды тұрақты дамыту институтының директоры, т.ғ.к. Муральев Е.Д., атом энергетикасы саласында 31 жыл еңбек өтілі бар, ЖШС МАЭК-Казатомпром өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі жетекші инженері Середнюк К.П. қатысты. Спикерлер тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті. Кафедра тарапынан профессор Бажиков К.Т., доцент Ержанов К.Т. сөз сөйледі. АЭС-тің артықшылықтары мен кемшіліктері айтылды. Студенттер атом электр станциясы жөнінде ақпараттық видео көре алды. Іс-шара соңында студенттер сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алып, ой-пікірлерімен алмасты.

